Өкінбе Сен
Дәурен Сейтжанов
3:30Жабыққанда қалаушы ем жалғыз қалғанды Жанға жақын санаушы ем тыныш орманды Ақтарамын сырымды аппақ қайыңға Медеу тұтып көңілге аппақ арманды Дара өскен қайыңға ұзақ қарадым Өткен күндер жайында еске аламын Сынағына өмірдің ол да түскен бе Терең ойға тұңғиық батып барамын Ақ қайың арудай ақ қайың Ақтаршы сырынды жадымда жаттайын Ақ қайың бауырмал достайын Ынтық боп барасың сен маған сәт сайын Мұңы тағдыры бірдей Сырласым жоқ дәл сендей Әр жыл сайын жаңадан бүршік жарасың Мен тәрізді ауаммен тыныс аласың Қайтып бара жатқанда кейін оралып Қимастықпен артымнан қарап қаласың Жапырағың желпініп ерке желменен Бойың сұңғақ биіктеп көкке өрлеген Ақ қайың ау жүректе тұңған сырымды Жеткіземін қалайша саған сөзбенен.