Көк Бөрі

Көк Бөрі

Елбол Қуанбек

Альбом: Көк Бөрі
Длительность: 3:54
Год: 2022
Скачать MP3

Текст песни

Күйін кештім мен бүгін
Көкбөрілердің жаралы
Адым сайын аңдыған
Қақпаннан сирақ қанады
Арландарым атылып
Бөртелер кезді даланы
Айналамның барлығы
Шибөрі болып барады

Тексіз иттің күшігі
Қойдай боп жүннен қырқылды
Бөрібасар дегендер
Сырғалы болып құртылды
Бөлтірігім, сақ болшы
Заман келсе де мың түрлі
Сыпырғанмен терімді
Сыпырмас ешкім рухымды

Өңкей зұлым-зымиян
Қара орманның қақпасы
Қара жерде шыңғыртар
Жонынан тілген таспасы
Тұлпар етпес есекті
Маңдайға жаққан қасқасы
Сандуғаштай сайрады
Абадандардан басқасы

Өзекті өртеп барады,
Құлаққа жеткен мұңы үйдің
Өткеніме қарасам
Көкжалдарды ойлап жылимын
Жер бетінен өр болып
Тістесіп қана құримын
Оянар деп тағылар
Орманға қарап ұлимын